​7-сыныптан бастап жаңа пән енгізілуі мүмкін

0
230

Аталған мәселені Ұлттық құрылтайдың IV отырысында Мемлекет басшысы да көтерген болатын.


​7-сыныптан бастап жаңа пән енгізілуі мүмкін

Фото: Оқу-ағарту министрлігі

ERNUR.KZ. Қазақстанда мектеп оқушыларына 7-сыныптан бастап жаңа пән қосылуы мүмкін, деп жазады inform.kz.

Бұл ұсынысты Бас прокурор Берік Асылов айтты.

— Мектептерде 7-сыныптан бастап «Заң және Тәртіп» атты міндетті пән енгізу керек. Бұл жасөспірімдер арасындағы қылмыс санын азайтуға септігін тигізеді. Себебі нағыз қауіп — құқықтық сауатсыздықтан басталады. Бұл пәнді қызметтегі заңгерлер мен құқық қорғау органдарының ардагерлері жүргізуі тиіс. Өйткені олар тек білімді ғана емес, өмірлік тәжірибесімен де бөлісе алады, — деді Бас прокурор Берік Асылов.
Аталған мәселені Ұлттық құрылтайдың IV отырысында Мемлекет басшысы да көтерген болатын.
— Жасөспірім заңның мәнін түсінгенде тәртіпсіздікке бармауға тырысады. Олар алған білімін тек сыныптастарымен ғана емес, отбасымен, көршілерімен де бөліссе дейміз. Мұндай сабақтардың саналы, жауапты, заң мен тәртіпке құрметпен қарайтын жас ұрпақты тәрбиелеуге көмектесетініне сенімдіміз, — деді ол.

Айта кетелік «Заң және тәртіп» қағидаты жалпыұлттық құндылықтар қатарына енді.