7 және одан да көп бала тапқан әйелдерге жәрдемақы өседі

0
341

Кедейлік шегі медиандық табыс деңгейі арқылы анықталады.


7 және одан да көп бала тапқан әйелдерге жәрдемақы өседі

ERNUR.KZ. Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау бірінші вице-министрі Ақмәди Сарбасов ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметінде 1 шілдеден бастап күшіне енетін Әлеуметтік кодекстің негізгі новеллалары туралы айтып өтті, деп жазады inbusiness.kz.

"Мемлекеттік қолдаудың жаңа парадигмасы, ол алдымен әлеуметтік тәуекелдердің алдын алу үшін атаулы шараларды, содан кейін ғана әлеуметтік тәуекелдердің салдарымен күресуге бағытталған атаулы көмекті көздейді. Отабасының цифрлық картасы деректерінің негізінде атаулы шараларды көрсетудің қажеттілігі анықталады", – деді спикер.

Бұл ретте Әлеуметтік кодексте балалары бар отбасыларға әлеуметтік қолдаудың қосымша шаралары көзделген: бала күтіміне байланысты төлемдер мерзімін 1,5 жасқа дейін ұзарту және атаулы әлеуметтік көмек алушылар қатарынан 1 жастан 6 жасқа дейінгі балаларға арналған натуралды пакетті монетизациялау;

"Алтын" немесе "Күміс алқамен" наградталған аналар деген жаңа статус беру, 7 және одан да көп бала тапқан әйелдерге жәрдемақыны өсіру.

"Бұдан басқа, 2025 жылдан бастап атаулы әлеуметтік көмек беру үшін кедейлік шегі бүгінгі күнкөріс деңгейі арқылы емес, медиандық табыс деңгейі арқылы анықталатын болады. Біз Экономикалық ынтымақтастық және даму ұйымы елдерінің тәжірибесін зерттедік. Бүгінде АҚШ-тағы кедейлік шегі медианалық кірістің 40 пайызына, Канадада - 50, Швеция, Норвегия, Дания, Австрия, Германия және Францияда - 60 пайызына пара-пар. Біз де осы тәжірибені енгізуді көздеп отырмыз", – деді Ақмади Сарбасов.