700 мың қазақстандық оқушы құмар ойындарына бәс тіккен

0
682

Қазақстанда халық саны 20 млн адамды құраса, оның 82,5 %-ы жұмысқа жарамды, яғни экономикалық белсенді.


700 мың қазақстандық оқушы құмар ойындарына бәс тіккен

ERNUR.KZ. Бұл туралы Мәжілісте өтіп жатқан парламенттік тыңдауда депутаты Руслан Берденов мәлімдеді, деп жазады baq.kz.

Айтуынша, Қазақстанда халық саны 20 млн адамды құраса, оның 82,5 %-ы жұмысқа жарамды, яғни экономикалық белсенді.

Агрессивті букмекер жарнамасы, жылдам қолжетімді несие экономикалық белсенді азаматтар санының күрт төмендеуіне, қаржылық қиындықтарға, жұмыссыздар санының өсуіне апарып соқтырары сөзсіз. Елімізде 8,4 млн азаматқа 18,1 триллион теңге несие берілген. Осы азаматтардың арасында 90 күннен артық 2 триллион теңгеге міндетін орындамаған адам саны 1,8 млн құраған. Бұл жағдай тек банк, қаржы ұйымдарына тиімді. Екінші деңгейдегі банктер несиені 20-58 %-ға дейін берсе, микроқаржы ұйымдары жылына 1000%-ға дейін несие беріп бір пайда тапса, 2023 жылы 12,7 трлн теңгеге транзакция жасап, әр аударымға 1-3 % -ға дейін комиссия алған, - деп атап өтті Мәжіліс депутаты.

Сонымен қатар ол тұтынушы несие нарығының кері көрсеткішінің басым бөлігін лудомандар құрайтынына тоқталды.

Олар бәс тігу үшін бәріне дайын. Несие алу, құқықбұзушылық, алаяқтық, тіпті ауыр қылмыс жасап жатыр. Еліміздегі 157 000 құқық бұзушылықтың 20%-ы немесе 31 000-ы құмар ойындары кесірінен жасалған, ал ажырасудың 38%-ның себебі құмар ойындары. Ырысы төгілген жанұяның ауыртпашылығына кім жауап бермек? Құмарлықтың соңы әр отбасыға қасірет болып, арты қайғылы оқиғаларға соқтырып жатыр. Қайталап естеріңізге саламыз 3 676 суицидтің әрбір 5-ші жағдайы құмар ойынына байланысты. Өлімнен-қорлық жаман дейді. Кім осы бизнестің құрбаны болғаны үшін жауапкершілік алады?

Мектеп жасындағы 3,5 млн баланың 700 мыңнан астамы 1 рет болсын бәс тіккен. Бұл Қазақстандағы 1 млн-нан астам құмар ойыншы санының одан да ары өсетінін көрсетеді, - деді Руслан Берденов.

Алаңдататыны, 2017 жылдан бастап букмекерлік бизнес айналымы 15.5 млрд теңгеден 2022 жылы 553,6 млрд теңгеге дейін 35 есе өскен. Бірақ салық төлемінің мөлшері өзгермей, сол 2017 жылғы деңгейде тұрып қалған.

Жауапты министрлік құмар ойындарының онлайн жүйесін жапсақ, бюджетке түсетін салық азайып қалады деген негіздеме айтады. Ал негізгі мақсат салық болса, неге 2017 жылдан бері салық мөлшерін көтеру мәселесі айтылмаған? – деді ол.