75 жастағы қарағандық ақсақал АҚШ-та өткен пауэрлифтингтен әлем чемпионы атанды

0
276

Жарысқа 46 елден түрлі жастағы 960 спортшы қатысты.


75 жастағы қарағандық ақсақал АҚШ-та өткен пауэрлифтингтен әлем чемпионы атанды

ERNUR.KZ. Қарағанды облысы Шет ауданы тұрғыны Дәрібай Оспанов пауэрлифтингтен әлем чемпионатында алтын мен күміс жүлде жеңіп алды. Біріншілік Остин қаласында (Техас штаты, АҚШ) өтті. Ақсақал 95 жасында да жарысқа қатысуға ниетті екенін айтты, деп жазады zakon.kz.

Қарағанды облысының дене шынықтыру және спорт басқармасының мәліметінше, жарысқа 46 елден түрлі жастағы 960 спортшы қатысты.

Қазақстаннан сайысқа барған ардагерлердің жалғыз өкілі Дәрібай Оспанов. 75 жастағы спортшы классикада күміс, ал экипировкада алтын алды.

"Мен халықаралық дәрежедегі спорт шеберімін, ҚР еңбек сіңірген жаттықтырушысымын, төрт дүркін әлем чемпионымын, он дүркін Азия чемпионымын",- деді ақсақал.

Ол Әлем чемпионатында 70 жастан асқан спортшылар санатында өнер көрсеткенін нақтылады.

"Біз 5 адам болдық – жапон, неміс, канадалық және үндіс. Нәтижеге ризамын. Мақсатым – Дания спортшысын жеңу. Ол 94 жасында өнер көрсетті, ал мен 95 жасымда да жарысқа қатысамын".Дәрібай Оспанов

Дәрібай Оспановтың ұлы Қараман Абдулкәрім де лайықты өнер көрсетті. Ол классикада жеңімпаз атанды және экипировкада екінші орынға ие болды.