9 және 11-сыныптар қандай пәннен емтихан тапсыратыны белгілі болды

0
1 336

Вице-министр бүгіннен бастап барлық орта мектепте жиынтық бағалау жұмыстары басталғанын айтты.


9 және 11-сыныптар қандай пәннен емтихан тапсыратыны белгілі болды

ERNUR.KZ. Бұл туралы Білім және ғылым министрлігінің аппарат жиналысында вице-министр Шолпан Каринова айтты, деп жазады baq.kz.

Вице-министр бүгіннен бастап барлық орта мектепте жиынтық бағалау жұмыстары басталғанын айтты.

"Биыл 9 және 11-сыныптардың мектеп бітірушілері үшін емтихандар, мемлекеттік емтихандар өткізіледі. 9-сыныптар пандемияға дейін төрт емтихан тапсырса, биыл олардың саны қысқарып, 3 емтихан тапсырады. Емтихандардың уақыты 7 маусымда аяқталады. Одан кейін 9-сынып түлектеріне мектепті бітіргендігі туралы аттестаттар табысталады", - деді ол.

9-сынып оқушылары қазақ тілі (орыс тілі), матеметика (алгебра) және қазақ тілі мен әдебиетінен жазбаша емтихан тапсырады.

"11-сыныптар пандемияға дейін 5 емтихан тапсырса, енді биылғы оқу жылында бір емтиханға қысқарып, 4 мемлекеттік емтихан тапсыратын болады. Бұл емтихандардың мерзімі 10 маусымда аяқталады. Одан кейін мектеп бітірушілерге орта білімді аяқтағандары жөніндегі аттестаттары беріледі", - деп атап өтті Каринова.

11-сынып оқушылары қазақ тілі (орыс тілі), алгебра және талдау негіздері бойынша жазбаша емтихан, Қазақстан тарихы мен қазақ тілінен тест тапсырады.