9 жастағы ұлын анасы жауыздықпен өлтірген

0
1 279

Тоғыз жасар ұлының қол-аяғын батареяға байлап, қылқындырып өлтірген.


9 жастағы ұлын анасы жауыздықпен өлтірген

ERNUR.KZ. Ақтауда әйел адам тоғыз жастағы баласын өлтірді, деп жазады sputniknews.kz.

Басылым дереккөзге сілтеме жасап хабарлағандай, оқиға 14 қазанда 5-ші шағын аудандағы 3-үйде болған. Әйел адам тоғыз жасар ұлының қол-аяғын батареяға байлап, қылқындырып өлтірген. Ер бала №7 орта мектептің үшінші сыныбында оқиды екен.

"Күйеуімен айырылысып кеткен, бірақ әкесі баласымен жиі кездесіп тұратын. Соңғы екі айда өзін бір түрлі ұстап жүрді. Үнемі мектепке барып, ұрысысып қайтатын", - деп еске алады күдіктінің жақын таныстарының бірі.

Күдіктінің танысының сөзіне сүйенсек, полиция әйелді қылмыс орнында ұстапты. Ол айыбын толығымен мойындап, еш қарсылық көрсетпеген.

Төменгі сынып оқушыларының ата-аналарының айтуынша, №7 мектеп-лицейде мұндай хабар тараған жоқ. Мектеп директоры Гүлден Иманғалиеваның сөзіне жүгінсек, бүкіл қажетті мәлімет құқық қорғау органдарына берілген.