Әдебиет пен өнер саласындағы 7 тұлға лауреат атанды.
ERNUR.KZ. Абай атындағы әдебиет пен өнер саласындағы 2020 жылғы мемлекеттік сыйлықтың иегерлері анықталды, деп жазады Azattyq Rýhy.
Мемлекет басшысының жарлығымен мемлекеттік сыйлыққа ие болған ақын-жазушылардың тізімі төмендегідей:
- «Абыз Әбіш» зерттеуі үшін – мәдениеттанушы Сауытбек Абдрахманов;
- «Көкейімде Күлтегіннің жазуы» өлеңдер жинағы үшін – ақын Серік Ақсұңқар;
- «Ғұлама-наме» трилогиясы үшін – жазушы Ғарифолла Есім;
- «Ұлы Дала әдебиеті» тарихи-әдеби зерттеулер жинағы үшін – әдебиеттанушы Мырзатай Жолдасбеков;
- «Достояние души» өлеңдер жинағы үшін – ақын Бақытжан Қанапиянов;
- «Сарра» драматургиялық шығармалар жинағы үшін – драматург Роза Мұқанова;
- «Періштелердің өлімі» прозалық шығармалар жинағы үшін – жазушы Тынымбай Нұрмағанбетов.
Еске сала кетейік, биыл Қазақстанда ұлы ақын Абай Құнанбаевтың 175 жылдық мерейтойы республика деңгейінде аталып өтілді.