"Үйге шақырамыз, ренжіп кетіп қалады..."
фото: juldyz.kz
Әнші Абай Бегей желілік маркетингтің арқасында достарының біразынан айырылып қалған деп жазады "Ел аузында" бағдарламасына сілтеме жасаған NUR.KZ.
Әнші желілік маркетингтің адамға тигізер пайдасы көп екенін айтты.
"Шынымды айтайын, желілік маркетингтің адамға пайдасы көп. Бірақ біздің оған деңгейіміз жетпей жатыр. Себебі, шетелде көбісі осымен күн көреді. Ал бізде жалақы алып үйреніп қалған. Біреудің артынан тіркелсек, "лақтырып" кетеді деп ойлайды.
Зат бар жерде, пайда бар. Көп тумаластарымнан, достарымнан айрылып қалған сияқтымыз. Оларды үйге шақырамыз. Содан үйден ренжіп кететін болды. Хабарласпай қалады. Телефонын көтермейді. Мені көрсе қашады", - деді Абай Бегей.
Айта кетейік, Әли Оқапов пен Қайрат Нұртас мұндай бизнес түрімен айналыспайтынын, артық уақыттары жоқ екенін ашып айтқан.