Бұл жайт 19 желтоқсан Омбы – Майқапшағай трассасының 913 шақырымында болған.
ERNUR.KZ. Абай облысындағы тас жолда қатты желдің салдарынан ауыр жүк көлігі аударылды, деп жазады zakon.kz.
Абай облысы полиция департаментінің мәлімдеуінше, бұл жайт 19 желтоқсан Омбы – Майқапшағай трассасының 913 шақырымында болған.
Жүргізушіге жолда кетіп бара жатқан полиция қызметкерлері көмекке келген. Ауыр жүк көлігінің жүргізушісі – Ресей Федерациясының азаматы жол қозғалысы ережелерін бұзуға жол бермегенін, көлік қатты желдің салдарынан аударылғанын айтқан.
Полицейлер ауыр жүк көлігін жолға шығара алатын тиегішті алу үшін ЖШС-лердің біріне жүгінген. Кюветтен ауыр жүкті шығару операциясын толық сүйемелдей отырып, тәртіп сақшылары көлікті жақын маңдағы елді мекенге дейін жеткізген.