Абай облысында өртенген үйден бір адамның денесі табылды

0
716

Өрттің себебі анықталуда.


Абай облысында өртенген үйден бір адамның денесі табылды

ERNUR.KZ. Бүгін таңғы сағат 08.00-де Абай облысы Бородулиха ауданы Шелехово ауылында жеке тұрғын үйде өрт болды, деп жазады inbusiness.kz.

Оқиға орнына келіп жеткен өрт сөндірушілер тұрғын үйдің шатыры, қабырғалары, терезелері мен есіктердің өртеніп, қосарланған ғимараттарға таралғаны анықталды.

"Өрт сағат 10.56-да оқшауланып, сағат 12.02-де толық сөндірілді. Өрттің алдын ала ауданы 100 ш.м. құрайды. Өрттің себебі анықталуда. Үйді тексеру барысында бір адамның денесі табылды", - делінген хабарламада.