39 жастағы ер адам "Тассай-Көкпекті" автожолының көпірінен табылды.
Абай облысының Көкпекті ауданында екі шопанды іздестіру жұмыстары МИ-17 тікұшағының көмегімен жүргізілді, деп хабарлайды ERNUR.KZ.
Шопандардың айтуынша, олар малды айдауға шыққан, бірақ Көкпекті өзеніндегі су деңгейінің көтерілуіне байланысты қыстаққа өз бетінше орала алмаған.
Құтқарушылардың қабылдаған шараларымен 39 жастағы ер адам "Тассай-Көкпекті" автожолының көпірінен табылды, оны қайықтың көмегімен жағаға жеткізді.
33 жастағы екінші адам таңертең Көкпекті өзенінің маңындағы аралдан табылды. Ол Ми-17 тікұшағының көмегімен жағаға жеткізілді. Құтқарылғандарға медициналық көмек қажет емес.