Осы факті бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды.
Абай облысында 17 жастағы жасөспірім шөп жинап жүріп, тракторға қосылған шөп орау прессінің арасында қысылып қалып, қаза тапты деп хабарлайды ERNUR.KZ Polisia.kz-ке сілтеме жасап.
Деректерге сай, қайғылы оқиға 14 сәуірде Бесқарағай ауданында бос жердегі орман шаруашылықтарының бірінде болған. Мұнда жасөспірім өзінің танысымен бірге шөп жинауға шыққан.
“Жұмыс барысында ол трактор мен білік жетегімен тракторға қосылған шөп орау прессінің арасында тұрып, секірмек болғанда, киімі ілініп, қысылып қалған. Нәтижесінде 17 жасар жасөспірім оқиға орнында дене жарақатынан көз жұмды”,- делінген хабарламада.
Осы факті бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды.