Абай облысындағы алапат өрт қарсаңында бақылау камералары өшірілген

0
577

Биыл жаз жылдағыдан гөрі ыстық болады.


Абай облысындағы алапат өрт қарсаңында бақылау камералары өшірілген

ERNUR.KZ. Абай облысындағы алапат өрт қарсаңында бақылау камералары өшірілген. Мәжілісте өткен Үкімет сағатында осындай дерек айтылды. Онда орман өрті мәселесі қаралып, Экология және табиғи ресурстар министрі мен ТЖ вице-министрі өртке қарсы тұру үшін қандай жұмыстар атқарылып жатқанын баяндады, деп жазады zakon.kz.

Алайда депутаттардың оған көңілі тола қойған жоқ. Тіпті, екі ведомстваның есебі екі бөлек деп, премьер-министрге шағымданды.

Биыл жаз жылдағыдан гөрі ыстық болады. Төтенше жағдайлар министрлігінің мәліметі бұл. Сондықтан Қостанай, Абай облысындағы секілді өрттердің алдын алып, тілсіз жауға қарсы тұру үшін дайындық қызу. Тіпті орманшылар мен өрт сөндірушілерге беріліп жатқан киім мен су жаңа техниканы Мәжіліске әкеліп, көрме ұйымдастарды. Мұны депутаттар суретке түсіріп, әлеуметтік желіге салғаны сол еді. Кері жауап көп күттірмеді.

"Көптеген өрт сөндірушілердің өздері жазып жатыр. Мұндай нәрсені көрген жоқпыз ғой деп. Өйткені ауданға да, ауылға да жетпеген", - деді ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты Дәулет Мұқаев.

Экология және табиғи ресурстар министрінің айтуынша аудан ауылдарды толық қамту үшін бір-екі жыл қажет. Тиісті қаржы бөлінген. Жұмыс жүріп жатыр.

Мәселен, министрлік өзге де жауапты ведомствалармен бірігіп, өрттің алдын алу үшін 2023-2027 жылдарға арналған іс-шаралар жоспарын бекіткен. Оны іске асыру үшін 68 миллиард теңгеден астам қаржы бөлінеді. Бұл қаражатқа тозған материалдық техникалық база жаңарады. Мыңнан астам трактор, өрт сөндіретін көліктер мен патрульдік машиналар мен тағы сонша тіркеме, цистерна сияқты керек жарақ алынады. Өртті бақылайтын мұнаралар салынады. Тіпті елдегі барлық орманда өртті ерте анықтайтын ақылды жүйелерді орнату көзделген. Әзірге ол бірнеше ұлттық паркте ғана бар.

"Егерде біз Бурабайды алсақ 2021 жылдан бастап орнатты ғой бұлар. Соның өзінде пожардың көлемі 80 гектар болса бұрында, қазір 1,5 гектарға түсірген. Сол себептен бұл өте нәтижелі жүйе", - деді ҚР Экология және табиғи ресурстар министрі Ерлан Нысанбаев.

Бұл жүйе дамыған елдерде баяғыдан бар. Бізге де керек ақ. Өйткені өрт саны артып барады.