Абай шахтасындағы 6 кеншінің өліміне қатысты іс құзырлы министрлікке жолданды

0
457

Бұл жайында ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі, Еңбек, әлеуметтік қорғау және көші-қон комитетінің төрағасы Ербол Нұрғалиев мәлім етті.


Абай шахтасындағы 6 кеншінің өліміне қатысты іс құзырлы министрлікке жолданды

ERNUR.KZ. Қарағанды облысындағы «АрселорМиттал Теміртау» компаниясына тиесілі Абай шахтасындағы адам өліміне әкелген апат бойынша қозғалған іс министрлікке жолданды, деп жазады ҚазАқпарат.

Бұл жайында ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі, Еңбек, әлеуметтік қорғау және көші-қон комитетінің төрағасы Ербол Нұрғалиев мәлім етті.

«Еңбек заңнамасы бойынша, 5 және одан да көп адам қаза тапқан топтық жазатайым оқиғалар болған кезде Үкімет қаулысымен комиссия құрылады. Бұл істе комиссия төрағасы Төтенше жағдайлар министрі Юрий Ильин болды. Бұл комиссияға мемлекеттік органдардың, оның ішінде біздің министрліктің өкілдері кірді. Тергеу аяқталды. Іс қылмыстық іс қозғау үшін ішкі істер органдарына жіберілді», - деп түсіндірді Еңбек комитетінің басшысы.

Ербол Нұрғалиевтің айтуынша, «АрселорМиттал Теміртау» басшылығына түсіндіру жұмыстары жүргізілген.

Айта кетейік, 2021 жылдың 7 қарашасында Қарағанды облысының Абай шахтасында 6 адамның қаза болуына байланысты қылмыстық іс қозғалған еді.