Тәржімашылар Абай шығармаларын аударуға бес ай уақыт кетірген.
ERNUR.KZ. Эльхан Зал Гараханлы бастаған тәржімашылардың Абай шығармаларын аударуға бес ай уақыты кеткен. Жаңа жинақтың бірегейлігі ұлы ойшылдың барлық туындысы бір кітапқа жинақталған, деп жазады Azattyq Rýhy.
Әзербайжан ақыны қазақ классигінің шығармалары оның көзқарасына көп әсер еткенін айтады.
«Қаңтар айында Нұр-Сұлтан қаласына барғанда Абай шығармаларын әзербайжан тіліне аударамын деп серт берген едім. Содан Ибрагим Ильяслы екеуіміз іске бірден кірісіп кеттік. Кеңестік заманда қазақ классигінің шығармалары аударылған, бірақ олар орыс тілінен тәржімаланған еді», - дейді ақын, Махмұд Қашқари қорының жетекшісі Эльхан Зал Гараханлы.
Ақын аударма барысында қазақ тілі мен әзербайжан тіліндегі көп сөздер ұқсас екенін байқайды. Сондықтан тәржімалау кезінде көп қиындық туындаған жоқ.