"Абайдың өлеңдері мен қара сөздері":Тоқаевтың қазақ тілінен емтиханы басталды

0
1 830

Тоқаевқа 60 минут беріледі.


фото: baq.kz

ERNUR.KZ. ҚР президенттігіне кандидат Қасым-Жомарт Тоқаев Орталық сайлау комиссиясына мемлекеттік тілді меңгеруін анықтау емтиханын тапсыруға келді, деп жазады Stan.kz.

Лингвистикалық комиссияның отырысында комиссия мүшелері Қазақстан Республикасы президенттігіне кандидат Қасым-Жомарт Тоқаевтың мемлекеттік тілді меңгеруін тексеруді бастап кетті.

Лингвистикалық комиссия құрамында Сейіт Қасқабасов, Әділ Ахметов, Мырзатай Жолдасбеков, Ғарифолла Есім, Гүлтас Құрманбаева бар.

Комиссия төрағасы Мырзатай Жолдасбеков Қасым-Жомарт Тоқаевқа емтихан талаптарын түсіндірді. Ал комиссия хатшысы Гүлтас Құрманбаева кандидатқа билеттерді табыстады.

Кандидат емтиханның алғашқы тапсырмасы - жазбаша тапсырмада "Абай Құнанбайұлының поэзиясы мен қара сөздері" атты билетті таңдап алды. Мұны орындау үшін Тоқаевқа 60 минут беріледі.

ҚР президенттігіне кандидаттың мемлекеттік тілді еркін меңгергендігі лингвистикалық комиссия ұсынған тақырып бойынша көлемі екі беттен аспайтын жазбаша тапсырма жазу, қазақ әдебиетінен үш беттен аспайтын мәтін оқу, көпшілік алдында он бес минуттан кем емес сөз сөйлеу тапсырмалары бойынша тексеріледі. Екінші тапсырма - Шерхан Мұртазаның "Мыңбұлақ" кітабынан үш бет оқып беру.