Әділет министрлігі 94 құжатты тіркеуден бас тартты

0
2 495

2020 жылы әділет министрлігі 37 672 құқықтық актінің жобасына сараптама жүргізді.


Әділет министрлігі 94 құжатты тіркеуден бас тартты

ERNUR.KZ. Вице-министр Наталья Пан 2021 жылдың алғашқы тоқсанында жергілікті мемлекеттік органдардың нормативтік-құқықтық актілерін тіркеу рәсімін орталықтандырылған форматқа көшіру жоспарланып отырғанын жариялады, деп жазады inbusiness.kz.

«2020 жылы әділет министрлігі 37 672 құқықтық актінің жобасына сараптама жүргізді, оның ішінде: 109 заң жобасы; Президент жарлықтарының 100 жобасы; Президент өкімінің 3 жобасы; үкімет қаулыларының 1 130 жобасы; Премьер-министр өкімдерінің 174 жобасы; орталық және жергілікті мемлекеттік басқару органдарының 36 156 нормативтік құқықтық актісі болды. Бұлардың 12 895-сі тіркелді. 94-і қайтарылды немесе тіркеуден бас тартылды», – деді Наталья Пан министрліктің кеңейтілген алқа мәжілісінде.