Қазақстанда атом энергетикасын дамыту әлеуеті жеткілікті.
Біз өндірілетін табиғи уран көлемі бойынша әлемде бірінші орындамыз. Бізде ядролық отын компоненттері өндіріледі, сондай-ақ біздің елде уранды изотопты байыту бойынша қызметтерге қолжетімділік бар, деп хабарлайды ERNUR.KZ.
Бұл туралы Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте ҚР Энергетика министрі Болат Ақшолақов мәлімдеді.
«Өткен жылы Үлбі металлургия зауытының базасында Қытайдың атом электр станциялары үшін дайын ядролық отын шығаратын зауыт ашылды. Ядролық отын белсенді шығарыла басталды. Кадрлық әлеует пен тәжірибеге келетін болсақ, атом өнеркәсібі мен ғылым саласында бізде 24 000-ға жуық адам еңбек етеді. Қазақстанның жоғары оқу орындарында 2010 жылдан бастап ядролық және техникалық физика бағыттары бойынша 3000 жуық кадр даярланды. Бұл ретте, өткен аптада Ресейде біздің елдеріміз арасында екі президенттің қатысуымен әлемдегі жетекші жоғары оқу орындары болып табылатын ресейлік жоғары оқу орындарында осы саланың кадрларын даярлау жөніндегі меморандумдарға қол қойылды. Электр энергиясының алдағы тапшылығын, әлемдік экологиялық күн тәртібіне байланысты көмір генерациясына тәуелділікті төмендету қажеттілігін, өндірістік қуаттардың тозуын, сондай-ақ Қазақстанның атом энергетикасын дамытудағы зор әлеуетін ескере отырып, елімізде АЭС салу неғұрлым перспективті шешім болып көрінеді», - деп түйіндеді спикер.