Ағаш арасынын жаңа туылған нәресте табылды

0
3 986

Жанармай құю бекетінің жанынан жаңа туған қыз бала табылды


Ағаш арасынын жаңа туылған нәресте табылды

ERNUR.KZ. Рудный қаласындағы жанармай құю бекетінің маңынан жаңа туған сәби табылды, деп жазады ҚазАқпарат.

«9 қыркүйекте сағат 22.25-те Сандригайло көшесіндегі «Қазмұнайгаз» жанармай құю бекетінің жанынан жаңа туған нәресте табылғаны жөнінде хабар келіп түсті.

Сәбидің салмағы шамамен 3 келі, бойы - 50-52 см», - деді басқарма маманы Ксения Жылқыбаева. Белгілі болғандай, қыз баланы жанармай стансасының артқы жағындағы ағаштардың арасына тастап кеткен.

Қазір ол Рудный қалалық перинаталды орталығында жатыр. Жағдайы бірқалыпты.