Екеуі теледидар пультін бөлісе алмаған.
ERNUR.KZ. Украинаның Одесса облысында 46 жастағы тұрғын інісінің жүрегіне пышақ сұғып алған, деп хабарлайды ktk.kz.
41 жастағы ер адам алған жарақатынан оқиға орнында қаза тапқан. Ағасы мен інісі арасындағы жанжалға теледидардың пульті себеп болған. Екеуі оны бөлісе алмады.
"Қасақана адам өлтіру" бабы бойынша қылмыстық іс қозғалған. Полиция оқиғаның мән-жайын анықтап жатыр. Күдікті қамауға алынды. Ол 15 жылға бас бостандығынан айырылуы мүмкін.