Агроөнеркәсіп кешенінде 500 мыңнан астам әйел жұмыс істейді – АШМ

0
3 360

Олар ер-азаматтармен тең дәрежеде жер өңдейді, мал өсіреді, аграрлық ғылыммен, ауылшаруашылық шикізатын өңдеумен және тамақ өндірумен айналысады.


Агроөнеркәсіп кешенінде 500 мыңнан астам әйел жұмыс істейді – АШМ

иллюстрациялық фото

Ауыл шаруашылығы министрі Сапархан Омаров әйелдерді 8 наурыз мерекесімен құттықтады, деп хабарлайды ERNUR.KZ ҚР АШМ баспасөз орталығына сілтеме жасап.

"Мерекелеріңізбен, ардақты арулар!
Еліміздегі 500 мыңнан астам әйел халықты азық-түлікпен қамтамасыз етеді. Ауыл шаруашылығы – Қазақстан экономикасының ең маңызды және күрделі салаларының бірі. Бүгінде республиканың агроөнеркәсіп кешенінде 500 мыңнан астам әйел жұмыс істейді. Олар ер-азаматтармен тең дәрежеде жер өңдейді, мал өсіреді, аграрлық ғылыммен, ауылшаруашылық шикізатын өңдеумен және тамақ өндірумен айналысады. Көктемнің осы бір шуақты мерекесінде аруларымыздың ауыл шаруашылығын дамытуға және елдің азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз етуге өлшеусіз үлес қосып келе жатқанын, маңызды рөл атқаратынын айрықша атап өткім келеді.
Құрметті арулар, сіздерді 8-наурыз мерекесімен шын жүректен құттықтай отырып, зор денсаулық, мол бақыт тілеймін. Отбасыларыңыз аман, еңбектеріңіз жемісті болсын!", - деп жазылған министр Сапархан Омаровтың құттықтауында.