Аида Балаева Air Astana әуе компаниясы мен Бибігүл Төлегенова арасындағы оқиғаға қатысты пікір білдірді

0
347

Балаева халықаралық авиациялық қауіпсіздік ережелерін еске салып, әуе компаниясы осыған байланысты өз түсіндірмелерін бергенін баса айтты.


Аида Балаева Air Astana әуе компаниясы мен Бибігүл Төлегенова арасындағы оқиғаға қатысты пікір білдірді

ERNUR.KZ. Мәдениет және ақпарат министрі Аида Балаева халық әртісі Бибігүл Төлегенова мен ірі Air Astana әуе компаниясының қызметкері арасында орын алған келеңсіз жағдайға қатысты мәлімдеме жасады.

Балаева 4 қыркүйекте Facebook парақшасында жазған жазбасында былай деп түсіндірді:

Құрметті достар! Қазақстанның және КСРО-ның халық әртісі, аты аңызға айналған әнші Бибігүл Төлегеновны Air Astana әуе компаниясының бортына отырғызу кезінде болған өте ыңғайсыз жағдай мені де қатты алаңдатты.

Балаева халықаралық авиациялық қауіпсіздік ережелерін еске салып, әуе компаниясы осыған байланысты өз түсіндірмелерін бергенін баса айтты.

"Әуе компаниясы бұл мәселе қатысты түсініктеме беріп, әуе қауіпсіздігінің халықаралық ережелері еске салды. Әрине, ұшақтың және жолаушылардың қауіпсіздігін қамтамасыз етуге арналған ережелер қатаң сақталуға тиіс." Аида Балаева

Дегенмен, әуе компаниясымен пікір қайшылығына бармай-ақ, орын алған жағдайға байланысты өз ойымды білдіргім келеді, деп жазды министр.

"Нақтырақ айтқанда, әуе компаниясы мен оның қызметкерлері ішкі нұсқаулықтардан бөлек, қарапайым этиканы, адами қарым-қатынасты сақтап, өз клиенттеріне құрметпен қарауы керек деп есептеймін. Әсіресе, жасы үлкен жолаушыларға, Отан алдында айрықша еңбегі бар адамдарға ерекше құрмет көрсетілуге тиіс. Өйткені аға буынға құрмет – тәрбие мен ішкі мәдениет мәселесі. Ал қазақ өнерінің бұлбұлы, өнер майталманы Бибігүл Ахметқызына зор денсаулық, ұзақ өмір мен сарқылмас күш-жігер тілеймін!" Аида Балаева

Бұған дейін Air Astana әуе компаниясының президенті Питер Фостерге жазған хат Қазнет алаңында жарияланған болатын. Үндеуде компания қызметкерінің 94 жастағы халық әртісі Бибігүл Төлегеноваға қатысты дөрекі қарым-қатынасын түсіндіру және кешірім сұрау талаптары жазылған.