Әйелі "төсек қатынасына түспегені үшін" полиция шақырған азаматтың басы бәлеге қалды

0
675

44 жастағы азамат әйеліне жақындай алмай отырғанын айтып, шағымданған.


Әйелі

ERNUR.KZ. Украинаның Львов қаласында әйелі "төсек қатынасына түспей қойғаны үшін" бірнеше рет полиция шақыртқан азамат қомақты айыппұл арқалайтын болды. Бұл туралы Львов облысы патрульдік полициясының баспасөз хатшысы Екатерина Рыбий өз Facebook парақшасында мәлімдеді, деп жазады kaz.nur.kz.

Оның сөзіне сенсек, Сиховский ауданының 44 жастағы тұрғыны түнде бірнеше рет полицияға қоңырау шалып, әйелі жыныстық зорлық жасады деп жала жабуы мүмкін екенінен қорқатынын, сол себепті оған жақындай алмай отырғанын айтып, шағымданған.

"Шағымданушы өзін әйелі тонағанын, әйелі жыныстық қатынастан бас тартқанын, әйеліне зорлық жасады деген жаладан қорқып, жақындай алмай отырғанын айтып, полицияның келуін сұрайды", - деп жазды Екатерина.

Баспасөз хатшысы атап өткендей, ер адам ішімдікке масайған сәтте полицейлерді орынсыз шақыруды ермегіне айналдырған.

Құқық қорғау органдарының қызметкерлері оқиға орнына келіп, шағымданушының мас болғанын, ал әйелі пәтерде болмағанын анықтаған екен. Ер адамға кіреберісте темекі шеккені және жалған қоңырау шалғаны үшін әкімшілік материал толтырылды.

"Оған жыл басында жалған қоңырау үшін әкімшілік материал толтырылған. Ол кезде азамат шағын айыппұл төледі, енді бұл қылығы үшін қомақты айыппұл төлейтін болады", - деді Екатерина Рыбий.

Ол полицейлер осындай жалған қоңырауларға уақыт жоғалтуға мәжбүр екенін, ал сол арада нағыз көмекке мұқтаж жандар полицияны күтіп отыруы мүмкін екенін алға тартты.