Әйелін 10 жыл бойы ұрып келген дипломаттың үстінен азаптау бойынша іс қозғалды

0
427

Дипломатқа қатысты бұлтартпау шарасы әлі таңдалмаған.


Әйелін 10 жыл бойы ұрып келген дипломаттың үстінен азаптау бойынша іс қозғалды

ERNUR.KZ. Қазақстанның БАӘ-дегі елшісінің бұрынғы кеңесшісі Сәкен Мамаштың үстінен «азаптау» бабы бойынша қылмыстық іс қозғалды. Бұл туралы ішкі істер министрінің орынбасары Игорь Лепеха мәлімдеді, деп жазады azattyq-ruhy.kz.

«Азаптау бойынша іс қозғалды. Қазір оның қайда екенін айта алмаймын. Біріншіден, материалдар сараптамаға жіберілді, оның қорытындысы бойынша шешім қабылданады. Сараптаманың нәтижесін күтейік, жауап алу қажет, қазір процессуалды шаралар жүргізіліп жатыр», - деді Лепеха мәжіліс кулуарында.

Естеріңізге сала кетейік, Қазақстанның БАӘ-дегі елшісінің кеңесшісі болған Сәкен Мамаштың әйелі Карина Мамаш күйеуінен қорлық көріп келгенін мәлімдеді. Жәбірленушінің айтуынша, Сәкен Мамаш он жыл бойы әйелін ұрып-соққан. Карина Қазақстанның билік органдарынан өзіне араша түсуді сұрады. Көп ұзамай әйел балаларымен бірге Астанаға оралды. Қазір ол «Қорғау» дағдарыс орталығында тұрып жатыр. Ал дипломат Сәкен Мамаш әйелінің арызынан соң елге шақыртылып, қызметінен босатылды.