Ол әйелін әпкесінің үйіне келгіштеп кеткен сіңлісінен қызғанған.
ERNUR.KZ. 36 жастағы Атырау тұрғыны өзінің жуынатын бөлмесінде бейнебақылау камерасы орнатылғанын айтып, полицияға шағым түсірді, деп жазады Stan.kz.
Атырау қаласының полиция департаментінің мәліметінше, бұл іске күдікті әпкесінің күйеуі болып шықты.
“Ол әйелін әпкесінің үйіне келгіштеп кеткен сіңлісінен қызғанған. Сөйтіп, жәбірленушінің жуынатын бөлмесіне камера орнатып, оны қалта қуаттағышына қосып қойған”, – деп мәлімдеді полиция.
Күдікті өз кінәсін мойындады. Оған қатысты ҚР ҚК-нің 147 бабы (Жеке өмiрге қолсұғылмаушылықты және Қазақстан Республикасының дербес деректер және оларды қорғау туралы заңнамасын бұзу) бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.