Әйелін ұрған ер адамның үйінен екі тапанша мен алты пышақ тәркіленді

0
651

Полицияға хабарласқан әйел 1 және 7 қарашада күйеуінің дене жарақатын салғанын айтып, оған қарсы шара қолдануды сұрады.


Әйелін ұрған ер адамның үйінен екі тапанша мен алты пышақ тәркіленді

ERNUR.KZ. Екібастұз қаласында күйеуінен қорлық көрген әйел полицияға үйде қару-жарақ бар екенін хабарлаған. Қазіргі кезде адамды ұру бойынша әкімшілік іс, ал қару-жарақ пен оқ-дәрілерді заңсыз сақтауға қатысты қылмыстық іс қозғалды, деп жазады sputnik.kz.

Полицияға хабарласқан әйел 1 және 7 қарашада күйеуінің дене жарақатын салғанын айтып, оған қарсы шара қолдануды сұрады. Сосын ер адамның пәтерде атыс қаруын сақтайтынын да ескерткен.
Екібастұз қаласының ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес басқармасы тінту кезінде ер адамнан үш патроны бар "Stalker М908" маркалы тапаншаны тәркіледі. Одан бөлек пәтерден алты пышақ пен белгісіз маркалы тағы бір тапанша табылды.
Полицейлер әкімшілік іс қозғап, 30 тәулікке қорғау нұсқамасын жазды.
Сонымен қатар Қылмыстық кодекстің 287-бабы, 2-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды. Тәркіленген қаруға баллистикалық сараптама тағайындалды. Соның нәтижесінде шешім қабылданады.