Айгүл Шайымова вице-министр қызметінен босатылды

0
576

А. Шайымова 1979 жылы Целиноград облысында дүниеге келген. Л. Гумилев атындағы Еуразия университетін, Қаржы полициясы академиясын, РФ Президенті жанындағы Ресей халық шаруашылығы және мемлекеттік қызмет академиясын тәмамдаған.


Айгүл Шайымова вице-министр қызметінен босатылды

Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысымен Айгүл Амантайқызы Шайымова басқа жұмысқа ауысуына байланысты Қазақстан Республикасының ұлттық экономика вице-министрі қызметінен босатылды, деп хабарлайды ERNUR.KZ ҚР Премьер-Министрінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

А. Шайымова 1979 жылы Целиноград облысында дүниеге келген. Л. Гумилев атындағы Еуразия университетін, Қаржы полициясы академиясын, РФ Президенті жанындағы Ресей халық шаруашылығы және мемлекеттік қызмет академиясын тәмамдаған. Әр жылдары ҚР Қаржы полициясы агенттігінде, Экономикалық қылмысқа және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес агенттігінде, ҚР Бас прокуратурасында жұмыс істеді.

2016 жылғы қыркүйек айынан бастап 2019 жылғы шілдеге дейін Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі төрағасының орынбасары қызметін атқарды.

2019 жылғы шілдеден бастап Мәдина Серікқызы Жүнісбекованың оқу демалысы кезеңінде Қазақстан Республикасы ұлттық экономика вице-министрі қызметін атқарды. 2020 жылғы шілде айынан бастап қазіргі уақытқа дейін ҚР ұлттық экономика вице-министрі қызметін атқарды.