Аймағамбетов әр тоқсан сайын студенттермен кездесу өткізетін болды

0
1 882

Студенттер мәселелері жөніндегі кеңестің келесі отырысы қаңтар айында өткізу жоспарланған.


Аймағамбетов әр тоқсан сайын студенттермен кездесу өткізетін болды

ҚР БҒМ жанынан құрылған Студенттік кеңестің алғашқы отырысы өтті, деп хабарлайды ERNUR.KZ.

Бұл туралы ҚР Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов facebook парақшасында жазды.

"Бір ай бұрын студенттермен кездесу кезінде министрлік жанынан Студенттік кеңес құрылатынын айтқан болатынмын. Оның құрамыда әрбір ірі ЖОО-ның студенттері арасынан бір көшбасшы және республикалық жастар ұйымынан бір көшбасшы болады. ЖОО атынан қабылданған көшбасшылар студенттік өзін-өзі басқару органдарының төрағалары болуы керек. Студенттер мәселелері жөніндегі Кеңестің отырыстарында біз жастардың бастамаларын дамытуға және студенттерді қолдауға қатысты сұрақтарды, БҒМ құзыретіне кіретін барлық мәселелерді бірге талқылайтын боламыз. Көшбасшылар маңызды мәселелерді көтеріп, бізге өз идеяларын тікелей бағыттауға мүмкіндік алады. Республикалық кеңестің әр жиналысына өзім қатысамын және біз сұрақтарды талқылап, бірге шешім қабылдайтын боламыз. Белгіленген алғашқы отырыста біз жастармен танысып, болашаққа жоспарларды талқылап, жүйелі түрде өзара жұмыс жүргізуге келістік. Өз кезегімде жастар ұйымдары мен ЖОО көшбасшыларына атқарылып жатқан жұмыстар туралы айттым. Олар: шәкіртақыны арттыру, оқыту сапасына қатысты мәселелер, ЖОО-ларды оңтайландыру, студенттік жатақханалар салу және т.б, - деп жазды министр.

Студенттер мәселелері жөніндегі кеңестің келесі отырысы қаңтар айында өткізу жоспарланған.

"Мұндай кездесулер әр тоқсан сайын өткізілетін болады", - делінген министр жазбасында.