«Ақ жол» партиясы Асхат Аймағамбетовке «шабуылын» түсіндірді

0
751

Дания Еспаеваның депутаттық сауалы қоғамда көп талқыланды.


«Ақ жол» партиясы Асхат Аймағамбетовке «шабуылын» түсіндірді

ERNUR.KZ. «Ақ жол» партиясының мүшелері «Асхат Аймағамбетовке неліктен шабуыл жасап жатырсыздар?» деген сыңайдағы қоғамда туындаған пікірге жауап берді, деп жазады ҚазАқпарат.

«Дания Еспаеваның депутаттық сауалы қоғамда көп талқыланды. Көбісі бұл «Асхат Аймағамбетовке жасалған шабуыл»деп айтып жатыр. Осыған байланысты партия мүшелері не айтар екен?» - деп сұрақ қойды бүгін Орталық коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз мәслихатында тілшілердің бірі партия мүшелеріне.

Бұл сұраққа жауап берген Берік Дүйсембинов «бұл – Асхат Аймағамбетовке жеке азамат ретінде емес, министр ретінде қойылған сұрақ» екенін жеткізді.

«Асхат Аймағамбетовті бүгінгі таңдағы қазақтілді ұлтжанды азаматтардың бірі деп аса құрметпен қараймыз. Ол азамат министрдің орынбасары болған кезде талай сұрақтарымызға тікелей жауап берген. Қарым-қатынасымыз өте жақсы. Сондықтан әлеуметтік желіге тарап кеткен «шабуыл» деген әңгіме мүлде теріс екенін айтқым келеді», - деді ол.

Берік Дүйсембинов «Ақ жол» партиясы Білім және ғылым министрлігінен даулап отырған қаражатқа қатысты айта келе ол ақша түскен кезде Асхат Аймағамбетовтің министр болмағанын айтып өтті.

«Сондықтан бұл Асхат Аймағамбетовтің жеке басына емес, министрлікке қойылған сұрақ екені ескерілсе дейміз», - деді ол.