Өмірзақ Айтбаев 1989 жылдан «Қазақ тілі» халықаралық қоғамның вице-президенті, 1996 жылдан бірінші президенті, 2004 жылдан президенті болды.
ERNUR.KZ. Бүгін Халықаралық «Қазақ тілі» қоғамының президенті, саналы ғұмырын ана тілін ардақтауға арнаған ғұлама ғалым, академик Өмірзақ Айтбайұлы өмірден озды, деп жазады egemen.kz.
Өмірзақ Айтбаев 1936 жылы 5 сәуір күні қазіргі Түркістан облысы Отырар ауданының Балтакөл ауылында дүниеге келген. Филология ғылымының докторы, профессор, Қазақстан Республикасы Ғылым академиясының корреспондент-мүшесі, Қазақстан Республикасының Әлеуметтік ғылымдар академиясының академигі.
1959-1962 жылдары - «Социалистік Қазақстан» газетінің әдеби қызметкері. 1962-1999 жылдары - Қазақстан Ғылым академиясы Тіл білімі институтының кіші, аға ғылыми қызметкер, бөлім меңгерушісі, аға, бас ғылыми қызметкер. 1995-1996 жылдары - Қазақ мемлекеттік қыздар педагогикақ институтының профессоры. 1997-1998 жылдары - Қ.А.Яссауи Халықаралық қазақ-түрік университетінің профессоры. 1999 жылдан - «Қайнар» университетінің қазақ тілі және әдебиет факультетінің, филология факультетінің деканы, Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі Тіл білімі институтының Терминологиялық орталықтың директоры қызметтерін атқарған.
1989 жылдан «Қазақ тілі» халықаралық қоғамның вице-президенті, 1996 жылдан бірінші президенті, 2004 жылдан президенті болды.
«Құрмет», «Парасат» ордендерімен марапатталған.