Ақбөкендерді әуесқойлық мақсатта аулауға рұқсат етіледі

0
582

Аңшы аң аулағаннан кейін ақбөкеннің мүйіздері мен ұшаларын таңбалайды.


Ақбөкендерді әуесқойлық мақсатта аулауға рұқсат етіледі

ERNUR.KZ. Экология және табиғи ресурстар министрлігі жануарлар дүниесiн пайдалануға рұқсаттар беру қағидаларына өзгерістер әзірледі, деп жазады inbusiness.kz.

Құжатқа сәйкес, бекітілген аңшылық шаруашылықтарының аумағында дериваттарды (мүйіздерді) қоспағанда, ақбөкендерге әуесқойлық (спорттық) аң аулау бөлінген квотаға сәйкес жүзеге асырылатыны жазылған.

Бекітілген аңшылық шаруашылықтарының аумағында ақбөкендерге әуесқойлық (спорттық) аң аулауды жүргізуге өтінім жергілікті атқарушы органға беріледі.

"Резервтік қор аумағында ақбөкендерге аң аулауды жүргізуге арналған лимит биологиялық негіздеме негізінде белгіленеді. Аңшылық алқаптарының резервтік қорының аумағында ақбөкендерге кәсіпшілік аң аулауды жүргізуге өтінім жергілікті атқарушы органға беріледі. Резерв қорының аумағында кәсіпшілік аң аулауға рұқсат нысан бойынша беріледі", - делінген құжатқа қоса берілген түсіндірме жазбада.
Аң аулағаннан кейін аңшы ақбөкеннің мүйіздері мен ұшаларын таңбалайды.

Бұдан бөлек аң аулау жүргізілгеннен кейін жануарлар дүниесін қорғау, өсімін молайту және пайдалану жөніндегі мемлекеттік инспектор киіктің ұшасының мүйізі мен аяқ-қолын таңбалауды жүзеге асырады

Құжатты жария талқылау 20 қарашаға дейін жалғасады.