Есімов 2021 жылдың 29 наурызына дейін "Самұрық-Қазына" ұлттық әл-ауқат қоры" АҚ басқарма төрағасы болып қызмет етті.
фото: ғаламтордан
Ахметжан Есімов Нұрсұлтан Назарбаевтың штаттан тыс көмекшісі болып тағайындалды, деп хабарлады ERNUR.KZ Қазақстан Республикасының Тұңғыш президентінің ресми сайтына сілтеме жасап.
"Қазақстан Республикасының Тұңғыш президенті – Елбасы шешімімен Есімов Ахметжан Смағұлұлы Қазақстан Республикасының Тұңғыш президенті – Елбасының штаттан тыс көмекшісі болып тағайындалды", – делінген хабарламада.
Айта кетейік, Есімов 2017 жылғы 23 желтоқсаннан бастап – осы жылдың 29 наурызына дейін "Самұрық-Қазына" ұлттық әл-ауқат қоры" АҚ басқарма төрағасы болды.