Ахметжан Есімов «Самұрық-Энерго» жетекшілерін жазалады

0
1 177

Сондай-ақ, жиын барысында «Самұрық-Энерго» АҚ басқарма төрағасының экономика және қаржы жөніндегі басқарушы директоры Қ. Мақсұтовты қызметінен босатты.


Ахметжан Есімов «Самұрық-Энерго» жетекшілерін жазалады

«Самұрық-Қазына» ҰӘҚ» АҚ басқарма төрағасы Ахметжан Есімов Қордың қоржындық компанияларының басшыларымен кеңес өткізді. Жиын барысында бірқатар компаниялардың қызметі, қаржылық жағдайы және даму бағдарламаларын жүзеге асыру мәселелері қарастырылды. Сондай-ақ, жиын барысында «Самұрық-Энерго» АҚ басқарма төрағасының экономика және қаржы жөніндегі басқарушы директоры Қ. Мақсұтовты қызметінен босатты, деп хабарлайдыBaq.kz ақпарат агенттігі «Самұрық-Қазына» ҰӘҚ» АҚ Қоғаммен байланыс департаменті баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Ахметжан Есімов Қанат Құдайбергеновті «Тау-кен-Самұрық» АҚ-ның басқарма төрағасы ретінде таныстырды. Қанат Құдайбергенов 2016 жылдан бастап 2018 жылға дейін «Қаратау» ЖШС және «Қазатомпром» ҰАК»АҚ бас директоры қызметінде жұмыс істеді, сондай-ақ, 2018 жылдың сәуір айынан бастап «Тау-кен-Самұрық» АҚ-ның басқарма төрағасы міндетін атқарды.

Сонымен қатар, Қанат Құдайбергеновке «Тау-кен-Самұрық» АҚ-ның ұйымдық құрылымын реттеу тапсырылды. Естеріңізге сала кетейік, бұрынғы басқарма төрағасы Мәжит Тұрмағамбетовтың келісімшарт мерзімі аяқталды және одан әрі ұзартылмады.

Ахметжан Есімов «Самұрық-Энерго» АҚ басқарма төрағасының экономика және қаржы жөніндегі басқарушы директоры Қ. Мақсұтовты қызметінен босатуды, сонымен бірге «Самұрық-Энерго» АҚ басқарма төрағасы А. Сатқалиевке сөгіс жариялауды және жылдық бонустарын алып тастауды бұйырды.

Кеңес барысында Ахметжан Есімов «KEGOC» АҚ Қаржы және есепке алу жөніндегі басқарушы директоры А. Ботабековке тәртіптік жауапкершілікке тартуды тапсырды.

Қор басшысы IPO сәтті шығу үшін жолаушылар айналымы, кіріс және таза табыс бойынша жоспарланған көрсеткіштерге қол жеткізуді, қоржындық компанияларда трансформациялау бағдарламасы бойынша жол карталарын бекітуді тапсырды.

Сонымен қатар, жиында қор тобындағы компаниялар қызметі бойынша басқа мәселелер қарастырылды.