Әкімдік тарапынан бақылау болмаған соң әлеуметтік көмір кәсіпкерлерге сатылған - министр

0
1 122

Коммуналдық-тұрмыстық көмірдің жетіспеушілігін болдырмау мақсатында көмірді автокөлікпен (6 ай мерзімге) және теміржол көлігімен әкетуді шектеуге бағытталған алдын алу шараларын қабылдап жатыр.


Әкімдік тарапынан бақылау болмаған соң әлеуметтік көмір кәсіпкерлерге сатылған - министр

ERNUR.KZ. 2022-2023 жылғы жылыту маусымы кезінде әлеуметтік көмірді бизнес субъектілеріне сату фактілері тіркелген. Бұл туралы үкімет отырысында ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі Марат Қарабаев айтты деп жазады stan.kz.

“Өткен кезеңдегі тәжірибе көрсеткендей, жылу маусымы қызған шағында әлеуметтік көмірдің сату нүктелерінен шетке кету фактілері орын алды. Мәселен, еліміздің 5 өңірінде, Солтүстік Қазақстан, Жамбыл, Түркістан, Қызылорда және Алматы облыстарында 400 мың тоннаға жуық көмір шетке кетті. Әкімдіктер тарапынан бақылаудың болмауына байланысты бірқатар өңірлік операторлар әлеуметтік көмірді мақсатсыз, яғни бизнес субъектілеріне сата бастады” , - деді Марат Қарабаев.

Министрдің сөзінше, алдағы жылыту кезеңінде коммуналдық-тұрмыстық көмірдің жетіспеушілігін болдырмау мақсатында көмірді автокөлікпен (6 ай мерзімге) және теміржол көлігімен әкетуді шектеуге бағытталған алдын алу шараларын қабылдап жатыр.