Ақмарал Әлназарованың Сенаттағы өкілеттігі тоқтатылды

0
563

Жақында Мемлекет басшысының Жарлығымен Ақмарал Шәріпбайқызы Әлназарова Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрі лауазымына тағайындалды.


Ақмарал Әлназарованың Сенаттағы өкілеттігі тоқтатылды

ERNUR.KZ. Бүгін Сенаттың жалпы отырысында Ақмарал Әлназарованың депутаттық өкілеттігі тоқтатылды, деп жазады inform.kz.

ҚР Орталық сайлау комиссиясының мүшесі Шавхат Өтемісов А. Әлназарованың басқа қызметке ауысуына орай оның депутаттық өкілеттігін мерзімінен бұрын тоқтату туралы ұсынымды жариялады.

Палата отырысында сенаторлар депутаттың өкілеттігін тоқтату жөніндегі қаулы қабылдады.

Бұдан бұрын хабарланғандай, жақында Мемлекет басшысының Жарлығымен Ақмарал Шәріпбайқызы Әлназарова Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрі лауазымына тағайындалды.

Ақмарал Шәріпбайқызы 1971 жылы Қызылорда қаласында туған.

Алматы мемлекеттік медицина институтын (1994) «педиатрия», Қорқыт университетін (2006) «экономист» мамандығы бойынша бітірген.

Қазақстанда да, шетелде де қосымша оқудан өтті. Медицина ғылымдарының докторы.