Ақмола облысында 11 жастағы бала жерде жатқан электр сымын ұстаймын деп көз жұмды

0
914

Оқиға өзен бойында орналасқан су айдау станциясы аумағында болған.


Ақмола облысында 11 жастағы бала жерде жатқан электр сымын ұстаймын деп көз жұмды

ERNUR.KZ. Ақмола облысының Жаныспай ауылында 11 жастағы бала "жерде жатқан электр сымын ұстаймын" деп қаза болды. Ойын баласы мұнда машинист болып істейтін туысына келген деп жазады nur.kz.

Оқиға өзен бойында орналасқан су айдау станциясы аумағында болды. Сол күні өзенге шомылып шыққан ауыл балалары станция ауласында ойнай бастаған.

11 жастағы Дмитрий шөп арасында жерде жатқан кабельді ұстап алған көрінеді. Кернеулігі 320 вольтты құрайтын ток оны ұрып, бала мерт болған.

Стратегиялық нысанның күзетілмейтінін, маңайында шектеу қойылған тақтайшалардың жоқ екендігігін, сол себепті кез келген адам кіріп шыға беретінін атап өтті.

Дмитрийдің анасы Наталья Щеголькова кінәлілердің жауап беруін талап ететінін жеткізді.

"Маған материальдық та, ешқандай көмек қажет емес. Баламның табытының жанында отырып, уәде бердім. Кінәлілер жазасын алады дедім. Сондықтан, кім жауапты сол жазасын алады", - деді ол.

"Есіл қалалық коммуналдық шаруашылығы" МКК директоры Қайрат Мүкібаев нысан өзі басқарып отырған шаруашылыққа қарайтынын алға тартты.

үзет қоюға қаржылық жағдай көтермеді. Бұрынғы күзет қызметін де сол үшін алып тастағанбыз. Енді қаржы көзін қарастыруға тура келеді. Әрине, бала өліміне бәріміз кінәліміз. Кім ойлаған осылай болады деп. Бәрін ретке келтіреміз", - деді ол.

Қазіргі уақытта тексеру жұмыстары жүргізілуде.