Ақмола облысында 20 тонна жұмыртқа тиелген фура аударылып қалды

0
667

21 жастағы ақтөбелік көктайғақтың салдарынан рульге ие бола алмай қалған.


Ақмола облысында 20 тонна жұмыртқа тиелген фура аударылып қалды

ERNUR.KZ. Ақмола облысында «Көкшетау – Рузаевка» тас жолында көктайғақтан жұмыртқа тиелген фура аударылып қалды, деп жазады inform.kz.

Облыстық Полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, жол-көлік оқиғасы «Көкшетау – Рузаевка» тасжолының 21-шақырымында болды.

«Рузаевка бағытында жүріп бара жатқан «Вольво» көлігінің жүргізушісі – 21 жастағы ақтөбелік көктайғақтың салдарынан рульге ие бола алмай қалған. Салдарынан көлік аударылды. Анықталғандай, жүргізуші Астанадан Ақтөбе қаласына 20 тонна жұмыртқа тасымалдап бара жатқан», - деді ведомстводан.

Демалыс күндері ауа райының нашарлауынан Ақмола облысында 18 жол-көлік оқиғасы болды.