Науқас хирургия бөлімшесіне оң жақ білек бөлігінің ампутациясы диагнозымен жатқызылды.
ERNUR.KZ. Ақмола облысның Целиноград ауданында зауыттардың бірінде жұмыс істейтін 21 жастағы жігіт өндірістік жарақат алып, бір қолынан айырылды, деп жазады stan.kz.
Бұл туралы Ақмола облысы полиция департаменті мәлімдеді.
Науқас хирургия бөлімшесіне оң жақ білек бөлігінің ампутациясы диагнозымен жатқызылды.
Полицейлер "еңбекті қорғау ережелерін бұзу" бабы бойынша сотқа дейінгі іс қозғады. Сараптама жүргізілуде.