Алдын ала мәлімет бойынша бала жүрек талмасынан қайтыс болған.
ERNUR.KZ. Бүгін Бурабай ауданында балабақша тәрбиеленушісі кенеттен көз жұмды. Полиция тергеу жұмыстарын жүргізіп жатыр, деп жазады inbusiness.kz.
Айта кетсек, әлеуметтік желіде желдей есіп жүрген ақпаратта қайтыс болған қыз баланың жасы алтыда екені жазылған. Алдын ала мәлімет бойынша бала жүрек талмасынан қайтыс болған.
"Бурабай ауданындағы балабақшалардың бірінде жас баланың қайтыс болу дерегі бойынша қылмыстық іс қозғалды. Қазіргі уақытта сот-медициналық сараптама тағайындалып, оқиғаның мән-жайы анықталуда", - деп түсіндірді Ақмола облысы ПД баспасөз қызметінен.