​Ақмола облысында браконьерлер еліктерді қырып тастаған

0
1 398

Сандықтау орманында заңсыз аңшылық құрғандар еліктің етін алып, басқасын лақтырып кеткен.


​Ақмола облысында браконьерлер еліктерді қырып тастаған

ERNUR.KZ. Ақмола облысында емін-еркін сайран құрған браконьерлер еліктерді шетінен қырған. Жол жиегінде қан жоса болып шашылып жатқан жануарлардың өлексесін көргенде, жолаушылар жағасын ұстапты, деп жазады ktk.kz.

Еліктердің терісі, ішек-қарны салынған бірнеше қапты ит-құс одан сайын ойрандап шашып тастаған. Өлексе жайрап жатқан жерде жануарлардың бауыздалған бастары да жатыр. Ұялы телефонына түсірген жолаушы жаңа ғана мүйізі шығып келе жатқан 10 еліктің басын санап шықты. Соған қарағанда, Сандықтау орманында заңсыз аңшылық құрғандар етін алып, басқасын лақтырып кеткен. Қазір бұл іс бойынша сотқа дейінгі тергеу амалы жүргізіліп жатыр. Полицейлер аңшылық шаруашылықтарының берген лицензияларын да тексерген. Бірақ браконьерлер әзірге ұсталған жоқ.