Ақмола облысында гараж өртеніп, 6 көлік жанып кетті

0
501

​Бурабай ауданының Щучье қаласында контейнерден жасалған гараждан өрт шыққан. Өрттің салдарынан алты «Газель» автокөлігі жанып кетті.


Ақмола облысында гараж өртеніп, 6 көлік жанып кетті

ERNUR.KZ. Ақмола облыстық Төтенше жағдайлар департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, Щучье қаласында модульдік блок-контейнер типіндегі гараждан өрт таңғы сағат 8:00 шамасында шыққан, деп жазады Экспресс К.

"Гараж ғимараты жалпы ауданы 290 шаршы метр болатын төрт металл контейнерден тұрады. Өрт 09:22-де толықтай сөндірілді. Өрт салдарынан алты "Газель" автокөлігі жанып кетті. Қаза болғандар мен зардап шеккендер жоқ. Өрттің шығу себебі анықталуда", деп жазылған ведомство берген хабарламада.

Құтқарушылар хабарлағандай, өрт сөндіруге Төтенше жағдайлар департаментінің жеке құрамынан 20 адам және 4 арнайы өрт сөндіру техникасы жұмылдырылған.