Ақмола облысында мешіттің қазандығы жарылды

0
824

1971 жылғы отжағушы зардап шекті.


Ақмола облысында мешіттің қазандығы жарылды

ERNUR.KZ. Ақмола облысының Қорғалжын ауданында мешітте жылыту қазандығы жарылып, бір адам зардап шекті, деп жазады inform.kz.

Төтенше жағдай 2 ақпанда Сабынды ауылындағы мешітте болған.

Алдына ала мәлімет бойынша, мешіттің жылыту қазандығы жарылған. Салдарынан 1971 жылғы отжағушы «қолдарының термиялық күйігі» диагнозымен аурханаға жатқызылды.

Ақмола облыстық Төтенше жағдайлар департаментінен оқиғаның мән-жайы анықталып жатқандығын, кейін толық мәлімет берілетінін айтып түсіндірді.

«Оқиға бүгін сағат 03:15–те болды. Ғимараттың қирауы мен жануы болған жоқ. Жылыту қазандығы жарылған кезде пеш жағушы маман термиялық күйік алды. Қазіргі уақытта ер адам Астана қаласындағы ауруханалардың бірінде» - делінген Ақмола облысы ТЖД баспасөз қызметінің түсініктемесінде.