Қылмыстық іс сол сотқа басқа құрамда жаңа сот талқылауына жіберілді.
ERNUR.KZ. Ақмола облыстық соты достарымен бірге кәмелеттік жасқа толмаған қызды бірнеше жыл бойы зорлап келген ер адамға қатысты ақтау үкімінің күшін жойды, деп жазады zakon.kz.
Ақмола облыстық сотының қылмыстық істер жөніндегі сот алқасының шешімімен Ақмола облысының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының К. -ға қатысты ақтау үкімінің күші жойылды және қылмыстық іс сол сотқа басқа құрамда жаңа сот талқылауына жіберілді. Сот алқасы жәбірленушінің заңды өкілінің шағымын және прокурордың МААС үкіміне наразылығын қанағаттандырды, деп хабарлады сот.
2021 жылы 8 маусымда Ақмола облысының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында алқабилер кәмелеттік жасқа толмаған қызды зорлау ісі бойынша ер адамға қатысты ақтау үкімін шығарды.
Қазылар алқасының үкімі негізінде ҚР Қылмыстық кодексінің 120 -бабы, 4 -бөлігі (кәмелетке толмаған баланы зорлау) бойынша қылмыстық құқық бұзушылық жасауға байланысты оқиғаның болмағаны үшін ақталды.
Облыстық сот түсіндіріп өткендей, үкімнің күшін жоюға алқабилер алқасын құруда және іс бойынша дәлелдемелерді зерттеу тәртібінде кеткен елеулі бұзушылықтар негіз болды.
Бұған дейін хабарланғандай, 12 жастағы қыздың анасы қызының денесінен қанталаған жерді көріп, зорлау бойынша полицияға арызданған. Қыздың айтуынша, ағасының достары - үш ер адам оны жыныстық қатынасқа мәжбүрлеген. "Сыныптастарыңа бәрін айтып береміз" деп қорқытқан олар қыз баланы ұзақ уақыт зорлап жүрген.
2021 жылы 25 мамырда олардың екеуі 20 жыл және 21 жылға бас бостандығынан айырылды. Олардың әрқайсысы жәбірленушіге моральдық шығын ретінде 2 миллион теңге төлеуі тиіс.
Үшінші күдікті өз ісін алқабилердің қарауын талап етті.