Санитарлық бекеттер сенбіден бастап жұмыс істейді.
ERNUR.KZ. 7 қарашада Ақмола облысында алты санитарлық бекет қойылады. Бұл туралы өңірлік тауарлар мен қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау департаментінің басшысы Айнагүл Мусина айтты, - деп жазады Tengrinews.kz.
"7 қарашада сағат 00.00-де Ақмола облысында алты санитарлық бекет орнатылады. Қазір жабдықтарды орнату бойынша жұмыстар жүргізіліп жатыр, атап айтқанда термометрия қойылады", - деді Мусина.
Ол санитарлық бекеттер сенбіден бастап жұмыс істейтінін, бірақ көлік қозғалысы жабылмайтынын айтты.