Ақмола облысында шахтада апат болды

0
2 460

​Ақмола облысы Астрахан ауданында түнде шахтада төтенше оқиға болды, зардап шеккендер бар екені хабарланды.


Ақмола облысында шахтада апат болды

ERNUR.KZ. Ақмола облысы Астрахан ауданында түнде "Айна-ресурс" ЖШС шахтасында 100 метр тереңдікте тау-кен массасы құлады. 29 және 30 жастағы екі ер адам ауыр жарақат алды, деп жазады sputniknews.kz.

Астраханка ауылының өрт сөндіру бөліміне Жалтыр ауылдық округінің әкімі хабарласты. Ол Ақбейіт ауылында медицина қызметкерлеріне адамдарды құтқарып, эвакуациялауға көмек қажет екенін айтты.


"Кеншілер 100 метр тереңдікте ауыр жағдайда болды. Құтқарушылар жеткенше өзге жұмысшылар алып шығып, алғашқы медициналық көмек көрсетті. Ауа райының қолайсыздығына байланысты жедел жәрдем көлігі зардап шеккендерге жете алмады. Оқиға орнына құтқарушылар медицина қызметкерлерімен бірге барып, зардап шеккендерді ауруханаға апарды", - деді Астрахан ауданы төтенше жағдайлар бөлімінің басшысы Аят Сералиев.


Медицина қызметкерлері алғашқы көмек көрсетті, алайда Астраханка ауылынан 28 шақырым жердегі ауруханаға жеткізу керек болған. Зардап шеккен адамдарды жедел жәрдем көлігіне апару мүмкін болмағандықтан, құтқарушылар шақырылды, деп түсіндірді департаментте.

Кеншілер Астрахан аудандық ауруханасына жеткізілді. Жағдайы орташа деп бағаланып отыр.