Ақмола облысында заңсыз алтын өндірумен айналысқандар ұсталды

0
290

​Олардың заңсыз жолмен қанша алтын өңдеп пайда тапқаны әзірге белгісіз.


Ақмола облысында заңсыз алтын өндірумен айналысқандар ұсталды

Ақмола облысында заңсыз алтын өндірумен айналысып келген Ақсу және Заводской кентінің тұрғындары ұсталды. Олар қымбат металды астыртын цехтардағы қолдан жасалған құрылғыда жуып-өңдеумен айналып келген, деп хабарлайды ERNUR.KZ КТК арнасына сілтеме жасап.

Полициейлер олардан алты бірдей арнайы кен үккіш цех, жуып-тазалайтын үш қондырғы тапқан. Кен салынған 300 қап өңдеуге кезек күтіп тұрған.
Қымбат металды заңсыз айналымға шығару бабы бойынша қылмыстық іс қозғалып, сотқа дейінгі тергеу басталды. Барлық алынған айғақ заттарға сараптама тағайындалған. Олардың заңсыз жолмен қанша алтын өңдеп пайда тапқаны әзірге белгісіз.
Жалпы, кен шығарумен айналысатын өңірде "алтын көріп жолдан тайғандар" азаймай тұр.
"Ішкі істер министрлігі Ақмола облысының кендерінде құрамында алтыны бар материалдардың заңсыз айналымына қатысы бар заңсыз кен қазушылар қызметінің жолын кесу бойынша жүйелі жұмыс жүргізуде. Тек биыл полиция қызметкерлері 400-ден аса заңсыз кен қазушыларды ұстап, жауапкершілікке тартты. Сегіз қылмыстық іс тіркелді", - дейді ҚР ІІМ Ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес департаментінің өкілі Қуандық Алпыс.