Ақмола облысында жас жігіт апасының қайтыс болғанын 3 жыл жасырған

0
1 015

Ол апасының зейнетақысын пайдалану үшін заң бұзған.


Ақмола облысында жас жігіт апасының қайтыс болғанын 3 жыл жасырған

ERNUR.KZ. Зейнетақымен қамтамасыз ету мәселесі бойынша жүргізілген талдау барысында 1937 жылы туған зейнеткер П.Е.Н. 2021 жылы Зеренді ауылында қайтыс болғаны анықталды. Алайда, зейнеткердің туған немересі апасының қайтыс болу фактісін уәкілетті органдардан жасырып, марқұмның зейнетақы банк картасын пайдаланып жүйелі түрде ақшаны алып отырған, деп жазады azattyq-ruhy.kz.

«Жалпы, қаскүнем 4 000 000 теңгеден астам қаражат ұрлап әкеткен, осылайша мемлекетке ірі мөлшерде залал келтірген. Осы факті бойынша Зеренді ауданының прокуратурасы ҚР ҚК 1-тармағының 190-бабы 3-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеруді бастады (алаяқтық, яғни бөтеннің мүлкін ұрлау немесе ірі мөлшерде жасалған алдау арқылы бөтеннің мүлкіне құқық алу)», - деп хабарлады прокуратура.

Зеренді аудандық сотының үкімімен қаскүнем ҚК-нің 190-бабы 3-бөлігі бойынша кінәлі деп танылды және оған орташа қауіпсіздік мекемесінде жазасын өтеу арқылы, 3 жылға бас бостандығынан айырылды. Сондай-ақ көрсетілген залал сомасы мемлекет кірісіне өндірілді.