​Ақмолада астық тиелген жүк көлігіне шабуылдаған күдіктілер ұсталды

0
905

Қаскүнемдер ер адамның көзін байлап, машинаға отырғызып, белгісіз жаққа алып кеткен.


​Ақмолада астық тиелген жүк көлігіне шабуылдаған күдіктілер ұсталды

ERNUR.KZ. Ақмола облысында «Петропавл-Жезқазған» тасжолында «КамАЗ» жүргізушісін тонаған күдіктілер ұсталды, деп жазады ҚазАқпарат.

Ақмола облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі хабарлағандай, 19 сәуірде Арқалық қалалық полиция басқармасының кезекшілік бөліміне автобанның тоналғаны туралы хабар түскен. Жарқайың ауданы аумағында «Петропавл-Жезқазған» тасжолында 30 жастағы «КамАЗ» жүргізушісін белгісіз біреулер тоқтатқан.

«Қаскүнемдер ер адамның көзін байлап, машинаға отырғызып, белгісіз жаққа алып кеткен. Анықталғандай, шабуыл мақсаты ұрлық жасау болған. Бірақ, тіркемесі бар 25 тонналық жүк көлігі егістік жолына батып қалған, сондай-ақ көліктің доңғалағы істен шыққан. Қылмыскерлер жәбірленушіні жіберуге мәжбүр болған. Ол қалаға өзі жеткен. Күдіктілер оның ақшалай қаражаты мен ұялы телефонын алып қойған», - деді ведомствода.

Полицейлер 25 және 27 жастағы Қостанай қаласының тұрғындарын ұстады. Ақмола облыстық ПД баспасөз қызметі нақтылағандай, қазіргі таңда сотқа дейінгі тергеу жүріп жатыр.