Ақмолада заңсыз жұмыс істеп жүрген 14 шетел азаматы ұсталды

0
515

Заңбұзушылық «Мигрант» жедел-алдын алу іс-шарасы аясында анықталды.


Ақмолада заңсыз жұмыс істеп жүрген 14 шетел азаматы ұсталды

ERNUR.KZ. Ақмола полицейлері салынып жатқан нысанда 14 шетелдікті ұстады. Мигранттар Көкшетауда заңсыз еңбек қызметін жүзеге асырған, деп жазады polisia.kz.

Сонымен қатар, Қазақстан Республикасында жұмысқа орналасуға рұқсат құжаттары болмаған 1 шетелдік Ерейментау ауданының аумағында анықталды.

Заңбұзушылық «Мигрант» жедел-алдын алу іс-шарасы аясында анықталды.

Көші-қон қызметінің қызметкерлері рейдтік іс-шаралар кешені барысында көппәтерлі тұрғын үйдің салынып жатқан ғимаратын тексерді.

Нысанды тексеру кезінде полиция қызметкерлері Өзбекстан Республикасының 14 азаматын анықтады, олар құрылысшы – жұмысшы ретінде заңсыз еңбек қызметін жүзеге асырды, ал шетелдіктерде жұмысқа орналасуға рұқсат құжаттары болмады.

Көші-қон заңнамасын бұзғаны үшін шетелдік азаматтар ҚР ӘҚБтК 517-бабының 5-бөлігі бойынша әкімшілік жауапкершілікке тартылды.

ҚР ӘҚБтК 519-бабының 1-бөлігі және ҚР ӘҚБтК-нің 518-бабы бойынша заңды бұзып, шетелдік азаматтарды жұмысқа тартқан жұмыс беруші жауапкершілікке тартылды.

Естеріңізге сала кетейік, 2021 жылғы 7-16 маусым аралығында Ақмола облысының аумағында «Мигрант» жедел-алдын алу іс-шарасы өткізілуде.

Бірнеше күн бойы көші-қон қызметі, криминалдық, патрульдік полиция қызметкерлері және учаскелік инспекторлар қатарынан полицияның арнайы құрылған мобильді топтары рейдтік іс-шаралар өткізеді.