Осыдан тура отыз жыл бұрын Қазақстан ЮНЕСКО-ға мүше болды.
ERNUR.KZ. Бүгін Қазақстанның ЮНЕСКО-ға мүше болғанына – 30 жыл. Айтулы датаға орай Ақорда Қасым-Жомарт Тоқаев пен ЮНЕСКО-ның бас хатшысы Федерико Майордың бірге түскен суретін жариялады, деп жазады sputnik.kz.
Сурет 1992 жылы 22 мамырда Парижде ЮНЕСКО-ға мүше болу туралы актіге қол қойылғаннан кейін түсірілген.
Айта кетері, ЮНЕСКО тізіміне енген еліміздің алғашқы нысаны Қожа Ахмет Яссауи кесенесі болатын.
Бүгінде Қазақстандағы бірқатар нысан ЮНЕСКО-ның әлемдік мұралар тізіміне енген.
Мәдени нысандар:
- Қожа Ахмет Яссауи кесенесі, 2003 жыл;
- Тамғалы археологиялық ландшафының петроглифтері, 2004 жыл;
- Жібек жолы: Чанъань-Тянь-Шань дәлізінің желісі, 2014 жыл.
Табиғи нысандар:
- Сары-Арқа – Солтүстік Қазақстан даласы мен көлдері, 2008 жыл;
- Батыс Тянь-Шань, 2016 жыл.